$ 540.05  629.16  6.65

«Шерзатты өзінің әкесі өлтірді»: Блогер шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Ол 20 тәулікке қамалды. 

Коллаж: Stan.kz
Коллаж: Stan.kz

Сот «Доктор» лақап атымен танымал блогер Бауыржан Әбдірахманға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желіде марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубайды өз ұлының қазасына тікелей айыптап, ашық мәлімдемелер жасаған болатын.

Сот блогердің айтқандарын шындыққа сәйкес келмейді және жала жабу деп таныды. Нәтижесінде Әбдірахман 20 тәулікке қамауға алынып, көпшілік алдында кешірім сұрауға міндеттелді. Сонымен қатар ол Шерзат Полаттың отбасына 400 мың теңге моральдық өтемақы мен 500 мың теңге өкілдік шығын өтеуі тиіс.

Отбасының адвокаты Мейірман Шекеев сот шешімін әділ деп бағалады.

– «Докторға қатысты үкім шықты. Бұл біздің жеңісіміз. Шерзаттың отбасына орынсыз тағылған айыптардың енді заң жүзінде жауабы берілді. Ол кешірім сұрап, өтемақы төлеуі керек», – деді ол.

Айта кетейік, блогер TikTok-та Шерзат Полаттың өліміне байланысты даулы бейнематериалдар жариялап, онда марқұмның әкесін айыптаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары