$ 540.05  629.16  6.65

«22 пәтер анықталды» : Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде жыныстық қызмет көрсетіліп келген

Бұл туралы бас прокуратура мәлімдеді. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы «Манхэттен» тұрғын үй кешенінен мыңға жуық құқықбұзушылық анықталды. Екі ай бойы жүргізілген тексеріс кезінде полиция мен прокуратура шулы деректерге тап болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құзырлы органдар әр пәтерді жеке тексеріп, меншік иелерінің жұмыс орындары, байланыс деректері, қару-жарағы мен заң алдында жауапкершілікке тартылуы туралы мәлімет жинаған.

Нәтижесінде:

  • Көші-қон заңын бұзудың – 120 дерегі,

  • Қоғамдық тәртіпті бұзудың – 98 дерегі,

  • Пәтерді заңсыз жалға берудің – 114 фактісі,

  • Жыныстық қызмет көрсеткен – 22 пәтер,

  • Жол қозғалысы ережесін бұзудың – 567 дерегі,

  • Алкоголь өнімін заңсыз сатудың – 7 фактісі анықталды.

Прокуратура мен полиция мұндай ауқымды тексерістің басты мақсаты – мегаполистегі қауіпсіздік пен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары