$ 537.91  628.87  6.6

«Тексеріс жүргізілді»: Актрисаның шағымынан кейін Сызғанов орталығындағы дәрігер жұмыстан кетті

Анестезиолог дәрігер өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазды.

Фото: freepik
Фото: freepik

Қазақстандық актриса әрі продюсер Айнұр Ильясова Сызғанов орталығының қызметкерін ақша талап етті деп айыптады. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Емхана тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде комплаенс-офицер анестезиолог-дәрігердің әрекетінен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық анықталмаған.

“Этика комиссиясы К-ның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылықтың белгілері бар деген қорытындыға келді. Сондықтан ол тәртіптік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Сонымен қатар орталық қызметкерлері тарапынан дәрігерлік этика ережелерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Этика комиссиясы орталық басшылығына қызметкерге тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялауды ұсынды”, – деп мәлімдеді медицина мекемесінде.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова орталықта ішкі қызметтік тергеу жүргізілгенін растады.

“Дәрігер этикалық нормаларды сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылуға тиіс. Анестезиолог дәрігер өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазды. Арызы 22 тамыз күні қанағаттандырылды”, – деп атап өтті министр.

Сондай-ақ орталықта қызметкерлермен этикалық нормаларды қатаң сақтау қажеттілігі туралы жоспардан тыс профилактикалық әңгімелер өткізілген. Министрдің айтуынша, мекеме басшылығы заңдылықты бұзудың кез келген түріне қатысты принципті ұстанымда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары