07.09.2025, 00:30

Талғарда тағы да оқыс оқиға болды

Фото: Pixabay

Алматы облысы Полиция департаменті де оқиғаға қатысты түсінік берді.

Алматы облысы Талғар ауданында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 6 қыркүйекте, таңертең болған. Шақыруға бара жатқан арнайы көлік Lexus RX 300 автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалған.

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан бригада жүргізушісі жеңіл жарақат алды, сондай-ақ медициналық қызметкер мен екінші көліктің жүргізушісі тексерілу үшін Талғар орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, - делінген станция хабарламасында.

Алматы облысы Полиция департаменті де оқиғаға қатысты түсінік берді.

— Алдын ала деректерге сәйкес, арнайы көлік жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісінде жүріп өтіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Аталған факті бойынша әкімшілік іс жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.