$ 535.13  627.44  6.52

Талғардағы қанды қылмыс: ұрланған қызға қатысты жаңа деректер белгілі болды

Оның айтуынша, балаға тілінен сегіз тігіс салынған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Алматы облысы Талғар қаласында ұрланып, кейін арнайы жасақ құтқарған кішкентай қызға хирургиялық ота жасалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайлы адвокат Гауhар Сәриева әлеуметтік желілерде хабарлады. Оның айтуынша, балаға тілінен сегіз тігіс салынған.

Адвокаттың мәліметінше, қылмыскер полицейлерден қашып жүріп, қызды көлікпен бірге жардан құлатып алған. Соның салдарынан бүлдіршін жарақат алып, денесі көгеріп, сызаттар пайда болған.

— Қылмыскер көлікті қызбен бірге жардан тастап жіберді. Бүлдіршін жарақаттарды сол кезде алды, оған қол тигізбеген. Ол шынымен аман қалғанына шүкір, — деп жазды Сәриева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары