07.09.2025, 18:30

Талғардағы оқиға: прокурорлар полицейлердің әрекетсіздігіне қатысты іс қозғады

© Photo : Polisia.kz

Бұл істі арнайы прокурорлар өндірісіне алды.

2025 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысының прокуратурасы Талғар аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне қатысты Қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлігі («Лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі») бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ведомствоның мәліметінше, оларға кәмелетке толмаған қызды ұрлап әкетіп, ер адамды өлтірген күдіктіні уақтылы ұстау үшін шараларды қабылдамаған деген айып тағылып отыр. Қайғылы оқиға Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында болған.

Бұл істі арнайы прокурорлар өндірісіне алды. Қазір тергеудің барысы облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

Прокуратура жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Сондай-ақ ресми дерек көздерге ғана сенуге шақырады. Басқа мәліметтер ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.