$ 536.76  630.85  6.45

Alatau Сity толық цифрландырылған алғашқы қалаға айналуы тиіс – Президент

Алатау сити тікелей Үкіметке бағынатын ерекше құқықтық мәртебеге ие болады.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында Алатау ситидің қандай қалаға айналатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алатау сити тікелей Үкіметке бағынатын ерекше құқықтық мәртебеге ие болады.

Алатау сити өңірдегі толық цифрландырылған алғашқы қалаға айналуы тиіс. Қала болашақ Қазақстанның бейнесін білдіретін символ болмақ, онда технологиялық даму мен жайлы өмір сүруге арналған орта үйлесім табады, – деді Президент.

Мемлекет басшысы ерекше құқықтық мәртебе жайлы түсіндірді.

Мен ерекше құқықтық мәртебені атап өткім келеді. Бұл қандай да бір артықшылық емес, бұл – қажетті шара, қажетті құрал. Өйткені онсыз барлық жоспар қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін. Алатау сити "Смарт-сити" технологияларын қолданудан бастап, тауарлар мен қызметтерге криптовалюта арқылы төлем жасауға дейінгі барлық цифрлық мүмкіндіктерді қамтитын қала болуы тиіс, - деп тапсырды Тоқаев Жолдауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары