08.09.2025, 13:20

Президент су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын жасауды тапсырды

Фото: inbusiness.kz

"Бұл жұмысқа белгілі шетелдік компанияларды тартқан жөн".

 

Президент осындай тапсырма берді. Платформада жасанды интеллект негізінде жерүсті және жерасты сулары туралы мәлімет жинақталады,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Жоба іске қосылғанда гидрогеология мониторингі, яғни бақылау жұмысына қатысты мәселе толық шешімін табады. Осы жұмыс ұлттық су теңгерімін қалыптастыру ісімен қатар жүргізілуі тиіс. Бұл – ұзақмерзімге арналған су саясатының жоспарлаудың аса маңызды тәсілі», – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев су үнемдейтін технологияны енгізу жұмысы баяу жүріп жатқанын баса айтты. Сөзінше, нақты нәтиже әлі жоқ.

«Бұл жұмысқа белгілі шетелдік компанияларды тартқан жөн. Сондай-ақ Қытайда жасалған әлемдегі ең озық технологияларды сатып алуға болады», – деді ол.