$ 535.13  627.44  6.52

Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің аппарат басшысы тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттігі
Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

ҚР Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Аппарат басшысы қызметіне ауысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылғы 14 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқық магистрі дәрежесімен аяқтаған.

Мемлекеттік басқару саласында үлкен еңбек тәжірибесі бар. Бірқатар ведомстволарды басқарған, министрліктерде, Есеп комитетінде, Президенттің Іс басқармасы мен Әкімшілігінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2019–2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#басшы #АЭС