$ 535.13  627.44  6.52

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда алдағы сейсенбіде, 2025 жылы 9 қыркүйекте найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел соғып, тұман болады деп күтіледі. Ауа райының күрт нашарлайтынын "Қазгидромет" РМК-ның мамандары ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің күшеюі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, шығыста, Қазақстанның орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады"."Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

 

Сондай-ақ, бірқатар өңірлерде мынандай табиғи қауіпті құбылыстар күтіледі:

  • өрт қаупі жоғары – Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, солтүстігінде,  Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау өңірінің батысында, Ақтөбе өңірінің батысында, солтүстік-шығысында, Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;
  • төтенше өрт қаупі - Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысында, Қостанай өңірінің оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары