$ 538.2  629.64  6.34

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады: Бірқатар өңірде ескерту жасалды

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2025 жылы 11 қыркүйекте жаңбырлы ауа райы күтіледі. Бұл туралы болжаммен "Қазгидромет" РМК-ның синоптиктері бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа-райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

"Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады... Республика бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, батыста, солтүстікте, шығыста, ҚР орталығында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады», деп хабарлады Қазгидромет.

Ал республиканың бірқатар өңірлерінде мынандай қауіпті табиғи құбылыстар күтіледі:

  • өрт қаупі жоғары - Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау өңірінің батысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының шығысында;
  • төтенше өрт қаупі - Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Жетісу облыстарында, облысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай өңірінің оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары