$ 538.2  629.64  6.34

Алтайда ер адам итті көлікке байлап сүйреді

Ер адамның айтуынша, ит агрессивті болғандықтан салонға кіргізбепті.

Фото: видеодан скрин, altayinform
Фото: видеодан скрин, altayinform

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында адам сенгісіз жағдай болды. 49 жастағы тұрғын итін көліктің артына байлап, бірнеше шақырым бойы сүйреткен, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция дереу іске кірісті. Ер адамның айтуынша, ит агрессивті болғандықтан салонға кіргізбепті. Сол себепті ол көлікті баяу айдап, итті сыртынан жетектеп әкетуді «шешім» деп ойлаған. Полицейлер итті тексеріп, оның жағдайы жақсы екенін растады. Дегенмен, заңсыз әрекеті үшін тұрғынға 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оған жануарларды дұрыс тасымалдау ережесі түсіндіріліп, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары