11.09.2025, 13:40

Сенат төрағасы отырыста анасын құттықтаған Ардақ Назаровтың әрекетіне қатысты пікір білдірді

Коллаж: Sn.kz

Журналист "Сенатта бұлай болуы мүмкін бе" деп сұрады.

Журналистер Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтан анасын жалпы отырыс барысында құттықтаған Мәжіліс депутаты Ардақ Назаровтың іс-әрекеті қаншалықты орынды деп сұрады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спикер Мәжіліс дептаттарының айтқандарына түсінік беру оның тарапынан "дұрыс емес" болады деп мәлімдеді. 

Журналист Сенатта бұлай болуы мүмкін бе деп сұрады.

"Егер сенаторлардың бірі анасын қатты жақсы көрсе, мүмкін, бірақ әзірге ондай жағдай болған жоқ", - деп жауап берді Әшімбаев.