11.09.2025, 13:50

Әшімбаев Сенаттың тағдыры жайлы әзіл айтып, өз болашағына пікір білдірді

Фото: sputnik.kz/ Абзал Калиев

Әшімбаев залға 09:59-да кірген.

 

Парламент реформасы туралы Президент Тоқаевтың ұсыныстары қызу талқыланып жатқан сәтте Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пленарлық отырысты әзілмен бастады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әшімбаев залға 09:59-да кірген.

Депутаттар оны телефонға түсіріп жатқанда ол жымиып:

«Әлі естелікке суретке түсіретін уақыт емес», – деді.

Бұл сөз әріптестерін күлдірді. Айта кетсек, бұған дейін Сенаттың болашағы жайлы түрлі пікір айтылып келген.

26 маусымда Ашимбаев бұл тақырыпқа қатысты:

«Уақыт өте ақпараттық кеңістікте мұндай әңгімелер көтеріледі. Кейде оқып, тыңдау да қызық. Бірақ аймақтар мен әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау тұрғысынан біз жұмысымызды жақсы атқарып отырмыз», – деп мәлімдеген болатын.

Сонымен бірге одан «реформа жасалса, болашақта өзіңізді Парламентте көресіз бе?» деген сұрақ қойылды.

«Мені Президент тағайындады. Өкілеттігімнің мерзімін де сол анықтайды. Қазір біз үшін бастысы – Жолдаудан туындайтын заңдарды қабылдау. Ал ары қарай… бұл болашақтың еншісінде», – деді спикер.

Оның айтуынша, Сенат пен Мәжіліс әлі кемінде екі жыл қазіргі форматта жұмыс істейді. Кейін халықтық референдум бәрін айқындайды.