$ 538.89  629.53  6.34

Бұршақ, жел, жаңбыр: Алдағы күндері ауа райы қалай құбылады

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүейктің 11-13 аралығындағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, алдағы күндері республиканың оңтүстік өңірлерінен басқа аумақтарында күн салқын әрі жаңбырлы болады. Бұған солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер себеп болады.

11 қыркүйекте солтүстікте, 11–12 қыркүйекте шығыста, 11–13 қыркүйекте Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жауады, солтүстік пен шығыста бұршақ пен күшті жел болуы мүмкін. Осы кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы Жоңғар циклонының ықпалында болып, аталған өңірлерде жаңбырмен қатар ауа температурасының аздап жоғарылауы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы уақытта – тұман түседі. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Көптеген өңірлерде ауа температурасы төмендеуі мүмкін:

  • Батыста түнде +5…+16°С, күндіз +15…+25°С;
  • Солтүстік-батыста түнде +1…+11°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+20°С;
  • Солтүстікте түнде +1…+7°С, жердің беткі қабатында -2°С үсік, күндіз +8…+16°С;
  • Орталықта түнде +1…+10°С, топырақ бетінде -2°С үсік, күндіз +10…+20°С;
  • Шығыста түнде +1…+11°С, күндіз +15…+23°С дейін жылынады;
  • Оңтүстікте түнде +12…+20°С, күндіз температура +23…+33°С-тен +25…+35°С аралығында ауытқиды;
  • Оңтүстік-шығыста түнде +12…+17°С, таулы аудандарда +2…+7°С, күндіз +24…+32°С; таулы аудандарда түнде 0…+5°С, күндіз +8…+15°С.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары