$ 538.89  629.53  6.34

«Неге шындықты айтудан қорқамыз?!»: Ринат Зайытов ел дамуы үшін жүйені өзгерту керегін айтты (ВИДЕО)

Көрінген нәрсеге Президентті араластыра беруге қарсымын.

Жолдауды ұйықтап отырып тыңдаған адамдар ертең сол жолдаудың орындалуы бойынша есеп берген кезде не дейді екен? Жүйені қалай өзгерту керек? Министрлерге проблеманы ашық айтқызу не береді? Одан не өзгереді? Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өз басым елде болып жатқан ірілі-ұсақты дүниенің бәріне Президентті аралстыра беруге қарсымын. Әр лауазым өкілі өзіне берілген жұмысты адал атқарса Мемлекет басшысы көрінген нәрсеге өзі араласуды қояр еді. Мәселен бір елді отбасы деп алсақ, әкесі ақша табумен айналысады, ал анасы бала-шағаның тәрбиесі, тамағына жауапты деген сияқты ғой. Ал мұндай жүйе бізге Назарбаев билік етіп тұрған шақта қалыптасып қалды, яғни диктаторлық жүйе ғой. Мысалы өткенде Президент елдегі туризм саласының жай-күйін сынға алды, құзіретті өкілетілікке сөгіс жариялап, үйіп-төгіп тапсырма берді. Каникул уақытымызда отбасымды алып Алакөлде демалып жатқам, шіліңгір шілденің ортасында Премьер-министрдің орынбасары бар, министрлер бар бәрі Алакөлде жүр екен, сонда олар Президент айтпаса өздігінен туризм саласын дамытайын деген ниеті жоқ па? Президент айтпайынша ештеңе шешілмейді», деді халық қалаулысы.

Оның айтуынша, блик басындағылардың әрқайсысы өз қызметін мүлтіксіз атқарса, Президенттің барлық мәселеге бірдей араласа беруі азаяр еді.

Сондай-ақ, ол өткенде Жолдауда айтылған инвесторларға жағдай жасау мәселесі бойынша да ойын айтты.

«Менің ойымша, активтерді қайтару комиссиясының жұмысы құлдырап қалды. Сәтсіз болды. Менің пайымдауымша, оның сәтсіз болуының себебі, активтерді қайьару комиссиясының жұмысы Үкіметке қарап қалды. Егер активтерді қайтар комиссиясының жұмысы ойдағыдай жұмыс істесе атауы өзгермес еді. Бізде ескіден келе жатқан қағидат бар: «Біз тек жақсы нәрсені айтуымыз керек». Есеп бергенде де, білмейм кез-келген нәрседе жаман жағын көрсетпей, тек жақсы жағын ғана айта беруіміз керек. Неге? Біз «ауруын жасырған өледі» деген қағидатты Ақордадан бастап, кез-келген квазисекторлы мекемелердің барлығының маңдайшасына іліп қою керек», - деп қорытындылады ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 71
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары