Спортшының айтуынша, депутаттың анасын құттықтағаннында ешқандай әбестік жоқ, керісінше орынды әрі әсерлі болған.
Боксшы Жанқош Тұраров Парламент мінберінде анасын құттықтаған депутат Ардақ Назаровты қолдап, жазбы арнады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Спортшының айтуынша, депутаттың анасын құттықтағаннында ешқандай әбестік жоқ, керісінше орынды әрі әсерлі болған.
"Кез келген ата-ананың ең үлкен арманы – салиқалы ұрпақ! Аллах тағала ер адамның жәннатын анасының табанының астына салып қойған. Анаға қандай құрмет көрсетсе де артық етпейді. Құдайдан үміті бар кез-келген ата-ана баласының дәл осылай мәжілісте отырып құттықтау жолдағанын көрсе армандары жоқ шығар деймін! Баршамызға осындай үлгілі ұрпақ өсіруді нәсіп етсін! Ата-анамыздың қартайған шағында ұрпағының жетістігін көріп, батасын бергеннен асқан бақыт бар ма?! Өте орынды, әсерлі құттықтау болды, ағатай", деп жазды ол.