$ 538.89  629.53  6.34

«Әйелдерді алаяқтыққа итермелеген курс»: Дәулет Мұқаев мандатынан айырылуы мүмкін

Мәжілістегі дереккөз Назаров оқиғасынан соң депутаттық корпус ішінде арнайы тексеріс басталғанын айтады.

Фото: Instagram/daulet.mukayev
Фото: Instagram/daulet.mukayev

Ардақ Назаровтың құттықтауынан кейін Мәжілісте Дәулет Мұқаевтың мәселесі көтерілмек,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ertenmedia-ға сілтеме жасап.

Мәжілістегі соңғы даулы жағдайдан кейін енді депутат Дәулет Мұқаевтың атына қатысты мәселе талқыланбақ. 

Мәліметке сәйкес, Мұқаевтың «Декретке миллионмен» атты курсы заңды тікелей бұзбағанымен, оның ықпалынан кейін халық арасында түрлі жалған схемалардың таралуына жол ашылған. Мәжілістегі дереккөз Назаров оқиғасынан соң депутаттық корпус ішінде арнайы тексеріс басталғанын айтады.

«Курс заңды бұзуды көздемесе де, депутаттың абыройы мен беделін пайдаланып, ондаған әйел алаяқтық әрекеттерге барған. Бұл парламенттің репутациясына ауыр соққы», – дейді дереккөз.

Ақтөбеде осы схемаға қатысы бар екі бухгалтерге сот үкімі шықты. Олар ондаған жүкті әйелді жалған жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, мемлекетке 100 миллион теңге шығын келтірген. Сотталғандардың бірі, 39 жастағы Гауһар Өмербекова, бұған дейін Дәулет Мұқаевтың курсын оқығанын растады. Өзге істерде де күдіктілер аталған курсты «үлгі» ретінде атағаны белгілі болды.

Өз кезегінде Мұқаев бірнеше рет «заң бұзуға ешқашан шақырған жоқпын» деп мәлімдеген. Алайда депутаттық этика тұрғысынан мәселенің салмағы жеңіл емес.

«Ресми түрде Дәулет кінәсіз болуы мүмкін. Бірақ халық сенімін ақтамады деген айып тағылуы ықтимал. Жалған схемалардың жаппай таралуына оның насихаты тікелей әсер етті», – дейді дереккөз.

Жақын күндері Мәжілісте Мұқаевтың мәселесі арнайы талқыланып, оның депутаттық мандатының тағдыры да күн тәртібіне шығуы мүмкін. Енді ол өз бастамаларының жалған кәсіпкерлікке түрткі болмағанын дәлелдеуі тиіс. Депутаттың әрекеті тек заңдық емес, моральдық тұрғыдан да бағаланбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары