Жаңартылған тәртіп бойынша тексеруге жолдама электронды түрде рәсімделеді.
16 қыркүйектен бастап көлік жүргізушілерінің мас күйін анықтау ережелері өзгереді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін тек жүргізушілер тексерілсе, енді жаяу жүргіншілер мен мопед айдаушылар да тексерістен өтуі мүмкін. Алайда олардың мас күйінде жүргені анықталған жағдайда қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Жаңартылған тәртіп бойынша тексеруге жолдама электронды түрде рәсімделеді. Куәгердің қатысуы міндетті емес, бірақ бейне немесе аудио жазба жасалады. Сондай-ақ адамның жазбаша келісімі алынуы тиіс. Егер куәгерсіз жүргізілген тексеруден бас тартса немесе нәтижесімен келіспесе, ол мемлекеттік медициналық мекемеге жіберіледі.