19.08.2014, 02:57

Қазақстандықтар Конституция күніне орай үш күн демалады

Сурет: news.mail.ru

Конституция күніне орай 30-31 тамыз және 1 қыркүйек  демалыс күндері болмақ, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес демалыс пен мерекелі күндер тұспа-тұс келсе, мерекеден кейінгі жұмыс  күні демалыс күні болмақ. Биылғы жылы Конституция күні 30 тамызда, сенбі күні аталып өтіледі.

ҚР Конституциясы  күні — мемлекеттік мереке, сондықтан да заңнамаға сәйкес мерекелі күн болып есептеледі. Мерекелі күндер жұмыс жасамайтын күн болып саналады.