$ 540.84  634.46  6.43

Жамбыл облысында тағы бір оқушы көз жұмды

Оқиға кезінде бір оқушы екіншісінің күнқағар тұсына соққы жасаған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жамбыл облысында №47 орта мектептің 9-сынып оқушысы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім сыныптасымен жанжалдан кейін мектеп әжетханасында есінен танып қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға кезінде бір оқушы екіншісінің күнқағар тұсына соққы жасаған. Жасөспірім көп ұзамай есінен айырылып, мұғалімдер мен балалар жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Жамбыл облыстық полиция департаменті хабарлағандай, бұл жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, осы демалыс күндері Жамбыл облысында тағы бір қайғылы жағдай тіркелген еді. 15 жастағы жасөспірім үлкен сынып оқушыларымен төбелес кезінде жүрек тұсынан соққы алып, есінен танып, кейін көз жұмған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары