$ 541.18  636.05  6.52

Алматыда 14 жастағы жасөспірім биік үйден құлап қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағынауданындағы жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматыда қайғылы оқиға тіркелді. 14 жастағы жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің жоғары қабатынан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағынауданындағы жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.

«Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, жасөспірім қайғылы қадамға ата-анасымен жанжалдасқаннан кейін барған болуы мүмкін. Тағы бір нұсқа – бұл абайсыздағы оқиға. Қазіргі таңда оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, қыркүйек айы толық аяқталмай жатып, бұл – екінші осындай оқиға. Бұған дейін, 5 қыркүйекте, 17 жастағы мектеп оқушысының шатырдан секіріп, көз жұмғанын жазған еді. Ол кезде жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына жеке мектептегі мұғалімдер мен басшылық тарапынан болған буллинг себеп болуы мүмкін екені айтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары