15.09.2025, 22:30

Алматыдағы Ремизовкада жүк көлігі газ бағанасын соғып, аударылып кетті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Алматының Бостандық ауданында Ремизовка маңында жүк көлігі газ бағанасын, ағашты, қоршауларды соғып, аударылып, асфальтты жолға шашты,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, апат бүгін сағат 16:40 шамасында Ушкемпирова көшесінде болды.

“Shacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытқа қарай қозғалған кезде рөлге ие болмай, газ құбыры бағанасына, сондай-ақ ағашқа соқты. Содан кейін көлік аударылды. Жүргізуші дене жарақатымен қаладағы бір ауруханаға жеткізілді. Апаттың нақты себептері Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тарапынан анықталуда”, – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.