$ 540.84  634.46  6.43

Бүгін Қазақстанның үш облысында -1°С-қа дейін үсік күтіледі

Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2025 жылғы 16 қыркүйек, сейсенбі күні Қазақстанда найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жауын жаууы, бұршақ пен тұман түсуі мүмкін, сондай-ақ үсік жүреді. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Болжамға сәйкес, түнде үсік күтіледі:

  •  -2°С-қа дейін – Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында,
  • топырақ бетінде -1°С-қа дейін – Ақмола облысының солтүстік-шығысында.
"Атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қарағанды облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз қатты жауын-шашын болжанады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
"Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал", - деп нақтылады "Қазгидромет" РМК.

Сонымен қатар бірқатар аймақта өрт қаупі күтіледі:

  • жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында;
  • төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары