17.09.2025, 11:00

Талғат Ермегияевке қатысты ақпар шықты

Фото: sputnik.kz

2025 жылдың 14 шілдесінде Алатау қалалық соты Талғат Ермегияевтің мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтінішін қанағаттандырмаған еді.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан тағы да бас тартылды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

2025 жылдың 14 шілдесінде Алатау қалалық соты Талғат Ермегияевтің мерзімінен бұрын босату жөніндегі өтінішін қанағаттандырмаған еді.

Бүгін Алматы облыстық соты осы қаулыға қатысты адвокаттың жеке шағымын қарады. Қорғаушы бірінші сатыдағы сот шешімін жойып, сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа қаулы шығаруды сұрады. Алайда прокурор сот шешімін өзгеріссіз қалдыруды талап етті.

Сот алқасы сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі қаулыны жоюға негіз таппады.

– Өтінішті қарау барысында іс жүргізу және материалдық құқық нормалары бұзылған жоқ. Сотталушының барлық сипаттамалары, соның ішінде келтірілген залалды өтеуі тиісті түрде бағаланды. Шешімді жоюға негіздер анықталған жоқ, – деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енді.