$ 539.54  637.09  6.52

Қазақстанда қолайсыз ауа райы күтіледі: тұрғындарға сақ болу ескертілді

Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: pexels
Фото: pexels

«Қазгидромет» РГП мәліметінше, ауа райының күрт өзгеруіне және өрт қаупінің артуына байланысты еліміздің бірқатар аймағында, соның ішінде Шымкент қаласы мен Алматы облысында 18 қыркүйекке штормдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Түркістан облысында – солтүстігінде және таулы аймақтарда найзағай күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша, Шымкент пен Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында – оңтүстікте және таулы аудандарда күшті жаңбыр жауып, бұршақ пен дауыл болуы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі. Қонаев қаласында да желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетпек.

Жамбыл облысында – таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Улытау, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түсіп, бірқатар аймақта өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында – төтенше өрт қаупі күшейген.

Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында – найзағай, бұршақ, екпінді жел және күшті жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындарға барынша сақ болуға кеңес беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары