$ 541.01  640.34  6.52

Жаңбыр жауып, үсік жүреді: Бүгін қолайсыз ауа райы күтіледі

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның 15 облысында 19 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 19 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 19 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 19 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстаң батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 19 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 19 қыркүйекте найзағай күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Көкшетау қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 19 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары