$ 541.01  640.34  6.52

Жамбылда қаза тапқан сарбазға қатысты тың дерек шықты

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тексерістер жүргізіліп жатыр.

Фото: марқұмның туыстарынан
Фото: марқұмның туыстарынан

Тергеу барысын Бас әскери прокуратура өз бақылауына алып отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның нақты себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары қолға алынды.

Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаздың қайтыс болуына байланысты "Оңтүстік" өңірлік әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тексерістер жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етілмейді.

Бұған дейін біз Отардағы әскери бөлімде 19 жастағы сарбаздың қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары