19.09.2025, 13:00

«Мынау екіге оқиды, топас дейді»: Танымал мектеп директоры мұғалімдерге қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: @aqmonshaq_nurtaza

Буллингтің басын мұғалімдер өздері бастайды

Танымал мектеп директоры, көпке желідегі оқушылармен бірге түскен видеосымен белгілі болған Ақмоншақ Нұртаза ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмоншақ Нұртаза «Атамекен бизнес» телеарнасында өткен бағдарламалардың біріне қатысқан.

«Буллингтің басын мұғалімдер өздері бастайды, ана бала өспей ме? Мына бала неге «2» алды? Сосын балалар бастайды: «ол екіге оқиды, мынау топас» деп», — деді бағдарлама қатысушысы.

Ақмоншақ Нұртаза аталған пікірге қатысты өз ойын ортаға салды.

«Мұғалімдер буллингтті бастайды дегенмен келіспеймін, менің шамыма тиіп жатыр. Иә, мұғалімдер әр түрлі, салыстыратындар болып жатады. 

Қазір эфирде мұғалімдер буллингті бастайды десек, өзі шаршап, әрең жүрген мұғалімдерді одан сайын басамыз, оларға да оңай емес», — деді танымал мектеп директоры.