20.09.2025, 16:30

«Жан-жаққа кетіп жатыр»: Қазақ қызы неміс жігітке ұзатылды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Германиядан келген күйеу бала қазақ тілінде өзінің бақытты екенін айтып, қонақтарды тәнті етті.

Желіде Қаракөз есімді қазақ қызының неміс жігіті Александрға ұзатылуынан видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Германиядан келген күйеу бала қазақ тілінде өзінің бақытты екенін айтып, қонақтарды тәнті етті.

Видеоны асаба Арыстан Оспанов өзінің Instagram парақшасында жариялаған болатын. Пікірлерде жастарға бақыт тілеп, қуанышты тілектерін жазғандар көп болды.

Алайда қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығып жатқанына қынжылғандар да табылды.

«Қыздар жан-жаққа кетіп жатыр», «Қыздарымыздың барлығы шетелге кетіп бара жатыр ма?», «Шетелдікке тұрмысқа шығып жатқан қыздарымыз көбейіп кетті ме?» деген пікірлер де жазылды.