"Қайрат" футбол клубының иесі – Қайрат Боранбаев.
30 қыркүйекте Алматы орталық стадионында өтетін "Қайрат" пен "Реал" футбол клубтарының ойынын көруге Назарбаевтар әулеті де келмек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ertenmedia сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева тамыз айының соңында Алматыға келген. Әлия Назарбаеваның айтуынша, алдағы күндері елге Нұрәлі Әлиев келеді. Нұрәлі – Назарбаевтың немересі, ол бұрынғы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевтың қызы Аидаға үйленген.
"Қайрат" футбол клубының иесі – Қайрат Боранбаев. Оның қызы Назарбаевтың немересіне тұрмысқа шыққан еді. Боранбаев Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің қатарында тұрақты аталып жүрді. Forbes дерегінше, 2021 жылы оның байлығы 590 миллион доллар деп бағаланған.
Назарбаевтар әулетінің мүшелері "Қайрат" – "Реал" ойынын көруге келмек.