Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде -1 °C-қа дейін үсік жүреді.
Қазгидромет 2025 жылғы 21 қыркүйекке арналған Қазақстан аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады. Республиканың әр өңірінде жел күшейеді, оңтүстікте – шаңды дауыл, түнде және таңертең – тұман күтіледі.
Солтүстік пен орталық аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде -1 °C-қа дейін үсік жүреді.
Жетісу облысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында өрт қаупі жоғары болады.
Ал Түркістан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Жамбыл облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі бар.