$ 542.67  638.89  6.51

«Екінші әйел – екінші сорт емес»: Маман тоқалдықты насихаттады ма?

Бұл видео айналасында қалыптасқан пікірталас Қазақстандағы әйелдің мәртебесі, отбасы құндылықтары және діни түсініктер төңірегіндегі өткір тақырыпты қайта көтеріп отыр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде психологтың «екінші әйел – екінші сорт емес, ол да бақыт пен құрметке лайық» деген сөзі үлкен дау тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеода хиджаб киген әйел екінші әйел болудың өзіндік таңдауы екенін, оны айыптаудың орнына түсіністікпен қарау керектігін айтады. Алайда жұрт пікірі қақ жарылды. Кейбірі «сезім жүрекке әмір жүргізбейді» деп қолдау білдірсе, басым көпшілік «бұл – қоғамды адастыратын қауіпті насихат» деп ашуланды. Комментарийлерде әйелдерді «тоқалдыққа насихаттап отыр» деген айыптаулар, ауыр сөздер мен қарсылықтар өрбіді.

Желі қолданушыларының бірі: «Сендейлерден 6,7,10-шы тоқал шығады» десе, екіншісі: «Не үшін мұндай бейнематериалдарды таратып жатырсыңдар, пайдасы жоқ» деп жазды. Тағы бір пікір иесі: «Миларың уланған ғой әбден» деп ашуын жасырмады.

Бұл видео айналасында қалыптасқан пікірталас Қазақстандағы әйелдің мәртебесі, отбасы құндылықтары және діни түсініктер төңірегіндегі өткір тақырыпты қайта көтеріп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары