$ 542.67  638.89  6.51

Өскеменде тұрғын үйлердің қасында заңсыз асфальт зауыты салынған

Әкімдік зауыт құрылысына ешқандай рұқсат берілмегенін мәлімдеді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Шығыс Қазақстандағы Новоявленка кентінде тұрғын үйлердің дәл жанынан асфальтобетон зауыты салынған. Жергілікті халық түтін мен иістен тұншығып отырғанын айтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әкімдік зауыт құрылысына ешқандай рұқсат берілмегенін мәлімдеді. Құжаттарсыз тұрғызылған нысан бойынша материалдар қадағалаушы органдарға жолданды. Қазір «VK Development» ЖШС-не қатысты экологиялық тексеріс жүріп жатыр. Ол 10 күнге созылады. Компанияға 700 АЕК-ке дейін (шамамен 24 млн теңге) айыппұл салынып, жұмысы үш жылға дейін тоқтатылуы мүмкін.

Сонымен қатар, бұл аумақта екі бірдей фирманың жұмыс істейтіні анықталды. Екеуі де жоспардан тыс тексеріске ілікті. Алғашқы айыппұл көлемі – шамамен 2,7 млн теңге. Желі қолданушылары «мұндай зауытты билік білмей қалуы мүмкін емес» деп наразылық білдіруде. Кейбірі жергілікті әкімдікті «көз жұма қарады» деп айыптап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары