22.09.2025, 13:40

«Жігіттер нәзік болып кеткен»: Анасын көріп жылап жіберген курсанттың әрекеті қызу талқыланып жатыр (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Бұл көрініс көпшілікті екіге қақ жарды.

Қостанай академиясының бірінші курс курсанттарының ант қабылдау рәсімі кезінде түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Skfnews.kz ақпарат порталы.

Кадрларда жас курсанттардың ата-анасымен қауышып, жанарына жас алған сәттері көрінеді. Сапта тұрған жастарды аналары келіп құшақтап, маңдайынан сүйген.

Бұл көрініс көпшілікті екіге қақ жарды. Бір тарап:  

«Неге жылайды, өздері таңдаған мамандық қой?», «Біз оқыған кезде ата-анамызға мақтанышпен қарап тұратын едік», – деп сын айтты.

Ал енді бірі керісінше:  

«Бұл – қуаныштың көз жасы», «Ана мен баланың сағынышы, күнде көріп жүрген жоқ қой», «Елдің адал қорғаны болыңдар» – деп қолдау білдірді.

Желі қолданушыларының пікірінше, бұл сәт әр курсанттың отбасына деген сағынышы мен жауапкершілігін айқындап берді.