Қазақта сүйекпен қоштасу дәстүрі бар.
Танымал ет зергері, ұлттық құндылықтарды дәріптеуші Саяхат Әсімхан абыз жазушы Мұхтар Мағауинді еске алып, көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал қолөнерші журналист Жанар Байсемізге сұхбат берген.
«Қазақта сүйекпен қоштасу дәстүрі бар. Кісі қайтыс болған жерде туыс-туғандар келіп, ер адам кіріп, сүйекті жуып, әйел адамдар келіп сүйекпен қоштасады.
Оны мен кейін түсіндім, неге десеңіз, адамның көңілі суиды екен, адамның мәйітін көрген кезде. Көңілің суып, ішіңде суып тұрғаның, себебі жақсы көресің ғой.
Күйіп тұрған күйігің, қайғың басылады. Сүйекпен қоштасады, көңілің суиды, қабірін көреді, көңілі қайтып, қайғыға кетіп қалмайды.
Жылай берсе адам өліп қалады, денсаулығына залал келеді. Маған ол кісі әлі тірі құсап тұрады. Мен ең соңғы рет жазған «Алтын ордасын» оқи алмай қойдым. Ол кісі қазақты сондай жақсы көреді екен.
Бес-алты бетін оқып, көңілімді қарайтып алайын деп ойлаймын, бірақ сол бетімен оқымадым… Сонда қазақтың сүйекпен қоштасу деген рәсімі өте керемет нәрсе екен», — деді ол.