$ 542.67  638.89  6.51

«Денесін күйдірген»: Мақтааралда қалыңдығына барған жігіт ажал құшты

Әзиздің әпкесі Мөлдір Үсенбаеваның сөзінше, інісінің өліміне алты жігіттің қатысы бар.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Мақтааралда көрші ауылдағы қалыңдығымен кездесуге барған 30 жастағы жігіт кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Отырар басылымына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Қоңырат ауылының тұрғыны Әзиз Құралбаевтың туған-туыстары ел президенті мен бас прокурорға үндеу жолдап, көмек сұрады. Олар бір жылдан бері әділдікке жете алмай жүр.

Айтуларынша, Әзиз Құралбаевты көрші ауылдың жігіттері сол ауылдағы қалыңдығына барғаны үшін ұрып-соғып, азаптаған. Төсекке таңылған жігіт 3 айдан соң қайтыс болған. Оқиға 2024 жылдың 11 қарашасында болған.

«Інімнің сау жері жоқ. Оң жақ қабырғасынан тебе берсе керек. Қап-қара ұйып қалған қан тұрды. Қолын үш-төрт жерден күйдірген. Інім талып қалған кезде «өтірік жатыр» деп ояту үшін денесін күйдірген», — дейді ағасы Альмир Құралбаев.

Әзиздің әпкесі Мөлдір Үсенбаеваның сөзінше, інісінің өліміне алты жігіттің қатысы бар.

Алайда сот алдында тек төрт адам жауап беріп жатыр. Ал екеуі куә ретінде танылған. Әзиздің туған-туыстары мұнымен келіспейді.

Олар екі адам «ықпалды туған-туыстары болғаны үшін жауапкершіліктен сытылып кетуі мүмкін» деп күдіктенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары