$ 542.67  638.89  6.51

Жамбыл облысында 11-сынып оқушысының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Өңір прокуратурасының мәліметінше, тергеу 19 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша басталған.

Фото: pexels
Фото: pexels

Жамбыл облысының Шу ауданында 11-сынып оқушысына 9-10 сыныптың бірнеше оқушысын бопсалағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Өңір прокуратурасының мәліметінше, тергеу 19 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша басталған.

Прокуратурада атап өтілгендей, 2025 жылдың алғашқы сегіз айында жасөспірімдер арасындағы қылмыс 16%-ға азайғанымен, қыркүйектен бастап кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар мен суицид жағдайлары жиілеген. Себептердің бірі – уәкілетті органдардың профилактикалық жұмысының жеткіліксіздігі.

Облыс прокурорының тапсырмасымен прокуратура және мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын арнайы ведомствоаралық мобильді топ құрылды. Оның міндеті – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтарды азайту, буллинг, суицид және бопсалау фактілерін анықтау.

Қазіргі уақытта мобильді топ Байзақ және Жамбыл аудандарындағы орта мектептерде тексеріс жүргізіп жатыр. Ұқсас жұмыстарды Тараз қаласы мен өзге де аудандардың прокурорлары қолға алған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары