23.09.2025, 17:30

Мүгедектің несібесін жегендер жазасыз қала ма? Ауыл әкімінің әрекеті халықты ашуландырды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Әкім халықтың емес, заң бұзғандардың жағында ма?".

Алматы облысында 1-топтағы көзі көрмейтін мүгедектің карточкасын ауыл тұрғыны заңсыз пайдаланып келгені белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Таңғаларлығы, ол адамның мүгедекке ешқандай туыстық қатысы жоқ, тіпті ресми қамқоршысы немесе көмекшісі де емес. Соған қарамастан, бірнеше ай бойы оның жәрдемақысын қолды етіп отырған.

Ең сорақысы – бұл заңсыздықты ауыл әкімі біліп отырып, мүгедек жанның құқығын қорғаудың орнына, керісінше, қылмыс жасағандарды «қорғаштап» отырғаны. Әлеуметтік желіде тараған бейнематериалдан кейін жұртшылық ашуға булығып, «әкім халықтың емес, заң бұзғандардың жағында ма?» деп сын айтты. Қазір бұл жағдай Райымбек ауданы әкімдігінің бақылауына алынғаны хабарланды.

Алайда тұрғындар кінәлілердің жазадан құтылып кетуінен қорқады.

«Мүгедектің аузынан жырылған нанды жегендер еркін жүрсе, заңның қандай қадірі қалады?» деп ашынған жұрт әділдік талап етіп отыр.