$ 542.8  637.84  6.49

Көлік прокуратурасының бұрынғы басшысы Германияда ұсталды

Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ресми түрде растады.

Фото: finpol.kz
Фото: finpol.kz

Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде болған Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақпаратты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ресми түрде растады. Ведомствоның мәліметінше іздеу жұмыстары Интерпол арқылы жүргізілген.

«Іздеудегі азаматты Германияның құқық қорғау органдары Интерпол бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында анықтап, қамауға алды. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету үшін шетелдік әріптестерімен және халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда», - делінген хабарламада.

 Естеріңізге сала кетейік, оның іздеуде жүргені туралы ақпарат қыркүйек айының басында жарияланған болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары