Яғни, халықтың қауіпсіздігіне көз жұма қараған.
Қарағандыда жаңа салынып, 2020 жылы салтанатты түрде тапсырылған көпқабатты үйдің ішкі жағдайы шын мәнінде адам шошырлық, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өрт гидранттары жұмыс істемейді, дабыл жүйесі орнатылмаған. Ал құжатта бәрі «мінсіз» деп көрсетілген. Ең бастысы – әкімдік пен прокуратура бұл былықты біліп тұра, үйді пайдалануға қабылдап жіберген. Яғни, халықтың қауіпсіздігіне көз жұма қараған.
Мердігер қателігін «қаржылық қиындыққа» жауып құтылмақ болса, ТЖ басқармасы «үйді қабылдау біздің міндет емес» деп шетке ысырып отыр. Салдарынан кінәсіз тұрғындар кінәлі болып шыға келді.
Ал халықтың ашуы орынды: «Ондаған миллион тұратын жүйені біз өзіміз қалай орнатамыз?» «Несие төлеп жүрміз, тағы да шығынды біз көтеруіміз керек пе?» Әкімдіктің салғырттығы – қарапайым халықтың өміріне қауіп төндіріп отыр.