Оқиға 19 қыркүйекте болған.
Атырау облысында алғаш рет Қылмыстық кодекстің жаңа бабы – «Сталкинг» бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ер адам әйелдің соңынан қалмай, ауласын аңдып, терезеден әдепсіз әрекеттер жасаған.
Оқиға 19 қыркүйекте болған. Күдікті жәбірленушінің ауласына кіріп, іш киімсіз жүрген күйде терезеден қарап, үй иесін бақылайды. Оның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Бастапқыда полиция бұл деректі «ұсақ бұзақылық» деп бағалап, әкімшілік сот ер адамға 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындаған. Алайда жәбірленуші қосымша дәлелдер ұсынғаннан кейін іс Қылмыстық кодекстің 115-1-бабы («Сталкинг») бойынша қайта қаралды.
Әйелдің туыстарының айтуынша, істің алғашқы қаралуында күдіктінің жыныстық сипаттағы қылықтары ескерілмеген. Ол өз жыныс мүшесін ұстап, киімін шешіп, үй иесін қорлаған. Жәбірленуші бұл туралы айтқаннан кейін басқа тұрғындар да дәл осы ер адамға қатысты шағымданған.