$ 542.8  637.84  6.49

Қазақстандық әжелер Париж бен Милан сахнасын бағындырмақ

Аталмыш жоба қатысушыларының жасы – 60 пен 74 аралығында.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Биылғы шара Халықаралық қарттар күніне және Қазақстанда дәстүрлі түрде аталып өтетін Қарттар айына арналады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еуропаның Paris Fashion Week и Milan Fashion Week ең беделді сән сахналарының бірінде "Әлемді таңғалдырған әжелер" атты ерекше мәдени жоба көрсетіледі.

Аталмыш жоба қатысушыларының жасы – 60 пен 74 аралығында.

Олар еліміздің әртүрлі өңірлерінен кастинг арқылы іріктелген. Еуропаның сән сахнасын бағындыруға 20 қатысушы аттанады. Көрсетілімдерде олар ұлттық нақыштағы "Ақ маржан" топтамасын ұсынбақ.

Жобаның авторы – Раушан Әнуарбекова, танымал сәнгер, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, Ұлттық Дизайнерлер Академиясының академигі.

Ол қазақтың ұлттық дәстүрінен шабыттанған заманауи топтамаларымен танымал және бұған дейін өз жұмыстарын Milan Fashion Week, Paris Fashion Week, Aspara Fashion Week сахналарында көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары