24.09.2025, 16:00

«Қазақтың жігіттері мықты болса қыздар көшеде жүрмес еді»: Бекболат Тілеуханның пікірі желіде қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Бұл пікір желіде қызу талқыланып жатыр.

Қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан қазақ жігіттеріне қатысты ащы шындықты айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пікірінше, бүгінде көшеде, әсіресе Саина бойында түнгі уақытта жүрген қыздардың көбейіп кетуі — ер азаматтардың әлсіздігінен.

«Қазақтың жігіттері нағыз еркек болса, қыздары Саинада тұрмас еді», – деді ол.

Бұл пікір желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі Бекболаттың сөзін қолдаса, енді бірі керісінше, сынға алып жатыр.

«Қолыңда  билік  болғанда  депутатсың  өзің  неге  күреспедің?Қазақстанды  тонап,тоқалдарға  бала туғызғанша…», «Тілің керекмет қой шіркінай қаңтарда сөйлесең қайда қалдың таппай қалдық қой», деп жазды көпшілік.