$ 494.87  520.65  4.91

ШЫҰ-ға қатысушы елдер әскери оқу-жаттығу өткізеді

2014 жылғы 24-29 тамыз аралығында «Чжужихэ» полигонынның аумағында (Қытай Халық Республикасы) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) қатысушы мемлекеттердің «Бейбіт миссия – 2014» бірлескен антитеррорлық әскери оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бірлескен антитеррорлық оқу-жаттығу барысында ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу, бірлескен дәл соққы беру, қарсыластың маңызды нысандарына шабуыл жасап, оны жою, қалалық жағдайда ұрыс қимылдарын жүргізу сияқты 4 тактикалық эпизодтан тұратын тәжірибелік іс-қимылдар пысықталатын болады.

«Оқу-жаттығуға Ұйымға мүше мемлекеттерден 6500-ден астам әскери қызметші тартылған. Оның ішінде Қазақстан Қарулы Күштерінен 370-тен астам әскери қызметші және Әскери-әуе күштерінің 5 ұшағы қатысады», делінген хабарламада.

Кеше Қазақстанның, Қытайдың, Ресейдің, Тәжікстанның және Қырғызстанның әскери контингенттері шоғырланған «Чжужихэ» оқу-жаттығу орталығында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштері жедел топтарының кеңесі болып өтті, сондай-ақ «Бейбіт миссия-2014» бүкіл кезеңін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша консультативтік келіссөздер басталды.

Оқу-жаттығуға дайындық барысында бірлескен және жеке жаттығулар, практикалық іс-қимылдар өткізу жоспарланған.

Антитеррорлық әскери оқу-жаттығудың ашылу рәсімі 2014 жылғы 24 тамызда, ал оқу-жаттығудың шешуші кезеңі 29 тамызда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары