$ 542.8  637.84  6.49

Таксист мені алып қашпақ болды: Желіде жолаушы қыздың әңгімесі жұртты шошытты (ВИДЕО)

Жолаушы қыз қорқып, жігітіне қоңырау шалған.

Фото: Nova24
Фото: Nova24

Ресейдегі Электросталь қаласының тұрғыны такси қызметін пайдаланған сапарында күтпеген жағдайға тап болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жолаушының айтуынша, 1972 жылы туған жүргізуші көлікке отырғаннан кейін оған орынсыз интимдік сұрақтар қойған. Қыз бірден бас тартып, жағдайды досына хабарлап үлгерген.

Біраз уақыт өткен соң жүргізуші бірнеше рет әдейі бұрылатын жерден өтеп кетіп, көлікті трассаға қарай бағыттаған. Жолаушы қыз қорқып, жігітіне қоңырау шалған. Оның жігіті кездесуге шығып, көлікті тоқтатуға тырысқанымен, жүргізуші талапқа құлақ аспай, қозғалысын жалғастырған.

Осы кезде қыздың жігіті көліктің алдына шығып, тоқтатуды талап еткен. Алайда жүргізуші тежегішті басудың орнына газды қосып, ер адамды капотпен бірге 4 шақырымға дейін сүйреткен. Жол бойында көліктің жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жеткен. Жігіт пластикалық тұтқаларға жармасып, аман қалу үшін әйнекті жұдырықпен сындыруға да мәжбүр болған.

Қазіргі уақытта бұл дерекке қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары