$ 542.8  637.84  6.49

Көкшетаудағы жолдар көлік жұтатын апанға айналды: әкімдік үнсіз, халық ашулы

Қала тұрғындары: «Толығымен қиыршық тас төсеп, жолды бекітпесе, көліктер де, адамдар да қауіпсіз жүре алмайды», – деп шырылдауда.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Көкшетаудың қақ ортасында жол мәселесі қайтадан тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларда Абулқасымов – Ғабдуллин – Қошқарбаев көшелерінің қиылысы ми батпаққа айналғаны, ал оның астында терең апандар жасырынғаны анық көрінеді. Жергілікті жүргізушілердің айтуынша, соңғы екі күннің ішінде кем дегенде төрт көлік осы шұңқырға түсіп, зақымданған.

«Машиналар жерге жұтылып жатыр – төменде терең апан, үстінде су мен лай. Подвескаға түбегейлі соққы», – деп налиды тұрғындар.

Жолды қазып, үстінен сәл ғана топырақ себумен шектелген коммуналдық қызметтердің «жұмысы» алғашқы жауыннан кейін әшкере болды. Жер толық отырып кеткен соң, бүкіл траншея бойымен ойықтар пайда болған.

Қала тұрғындары: «Толығымен қиыршық тас төсеп, жолды бекітпесе, көліктер де, адамдар да қауіпсіз жүре алмайды», – деп шырылдауда. Алайда әкімдік пен тиісті қызметтердің үнсіздігі халықтың ашуын одан сайын күшейтті.

«Бұл қала орталығының халі болса, шеткі аудандарды елестетудің өзі қорқынышты. Жылда миллиардтаған қаржы бөлінетіні қайда кетіп жатыр?» – дейді ашынған көкшетаулықтар.

Қазір әлеуметтік желілерде әкімдіктің әрекетсіздігі қатаң сынға алынып жатыр. Халық «осы жолы билік халық үнін естімей қала ма?» деген сұрақты тастап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары