$ 542.8  637.84  6.49

Атырауда студент қыз қатарласын аяусыз соққыға жықты (ВИДЕО)

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Атыраудағы «Жилгородок» саябағында жасөспірімдер арасындағы жанжал әлеуметтік желілерге тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеодан бір қыздың қатарласын жерге құлатып, бетінен, басынан және денесінен бірнеше рет ұрғанын көруге болады.

Жерде жатқан қыз кешірім сұрап, енді қайталамайтынын айтса да, қарсыласы соққысын тоқтатпаған.

Полицияның мәліметінше, жанжалға қатысқандар колледж студенттері.

Қазіргі уақытта күдікті Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Барлық жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылып, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары