Төбелеске 15 адам қатысқан.
Маңғыстау облысының Бейнеу елді мекенінде болған жаппай төбелес салдарынан 17 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Astana TV-ға» сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше 17 жастағы жігітті төбелескендердің бірі көлікпен басып өткен. Төбелеске 15 адам қатысты.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері олардың төртеуін қамауға алды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Келесі баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды:
Ұсталғандардың ата-аналары баламызға қатыгездік танытты деп құқық қорғау органдарына шағым түсірген.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлеріне қатысты құқықтық баға беріледі», - дейді Маңғыстау облыстық прокуратурасы бірінші басқармасының бастығы Данияр Төлегенов.
Қазір кешенді сот-медициналық сараптамасы жүргізіліп жатыр.
«Сот-медициналық сараптама жәбірленушінің нақты неден көз жұмғанын анықтайды. Жасөспірімдердің соққысынан немесе көлік басып кеткеннен қайтыс болуы мүмкін. Сол кезде біз бұл жайттарға қатысты нақты және дұрыс баға бере аламыз», - деп түйіндеді Төлегенов.