$ 541.68  636.26  6.48

«Банктерде алаяқтардың сыбайластары отыр» – Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов

"Бағдат Мусин жасаған нәрселерді түгел алып тастау керек".

"Qasqa Jol" YouTube арнасында Парламент Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов қонақта болды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәжілісмен әлі түйткілі шешілмей келе жатқан алаяқтық мәселесіне ерекше тоқталып өтті. 

«Мен осымен биыл ғана айналысып бастадым. Байқамай қалды, адамдар өздері алданып қалды, өзі ақпарат беріп қойды деген жалған нәрсе. 100 пайыз алаяқтықтың 99 пайызында банк қызметкерінің соған тікелей қатысы бар. Тікелей соның сыбайластары отыр. Банктің ішінде міндетті түрде болады. Мен заңға талай ұсыныс айттым. СМС код арқылы емес, видео биометриямен берсін дедік. 3 банктен бірдей кредит алуға болмайды. 1 банктен алған кезде қалған банктер тоқтатсын дедік. Оған ұлттық банк қарайтын болды дедік. Өтірік, біреуін де істеп жатқан жоқ қазір. Себебі, біреуінде жауапкершілік жоқ», – деді депутат.

Ол сондай-ақ ҚМА де сынға алды.

«ҚМА бар, сіздер не қарап отырсыздар? Президентті алдадыңдар ғой, бізді алдадыңдар. Елге үйден шықпай-ақ 1 күнде 3 банк берген. Кезінде Бағдат Мусин министр болып, банктерге басшылық еткенде коронавирус кезі болған. Сонда Мусин: ешкім үйден шыға алмайды ғой, оның орнына банк онлайн қол қойсын, егер адам келіссе деген. Ал бірақ оны кейін реттемеген. Қазір адам банкке бармайды, алаяқтар оның орнына банкке жеке мәліметтерді айтады, ол адамның орнына қол қояды, несие сұрайды, шот ашады, ақшасын аударып жібереді, адам білмейді тіпті. Сонда мен айтамын: “Неге?”. Енді өзі хабарласқан шығар, біз білмейміз дейді. Қалай білмейсіңдер сендер? Оған Ұлттық банк, АФР, Үкімет рұқсат беріп қойған. Сендер адам құқығын бұзып отырсыңдар», – деді депутат.

Әбеновтің айтуынша, цифрлық қолды азаматтың орнына бірнеше банк қоя салуы мүмкін.

«Кейбір адамдар ойлауы мүмкін. Цифрлы қолды мен ғана қоя аламын деп. Олай емес, сіздің орныңызға 8 банк 8 қол қойып, 8 келісімшарт жасап, 8 кредит алып, 8 жаққа жіберуі мүмкін. Егер Үкімет қазір шынымен алаяқтықты алып тастаймын десе, Бағдат Мусин жасаған нәрселерді түгел алып тастау керек. Ал Бағдат Мусин өткенде берген бір интервьюінде мақтанып отыр: керемет шешім жасадым деп. Өткенде тіпті алаяқтар өліп қалған адамның екі көзін ашып, өздеріне шот ашқан. Банк жүйесінің лоббистерінің тікелей мемлекет жүйесіне әсері бар. Оны тоқтатпасақ болмайды», – деді ол.

Әбенов банктерге қатысты нақты ұсынысын да айтты.

«Менің ұсынысым: онлайн несие алар кезде әр адам өз аяғымен тікелей банкке бару керек, қолын қою керек, сурет, видеоға түсу керек, керек болса саусақ іздерін беру керек. Сонда оны кіммен салыстырасың? Сондай өзгеріс жасауымыз керек. Банктерді еркелетіп жібергенбіз. Жаңа заң қабылданды көктемде. Енді сіздің қолыңызсыз, биометриясыз, келісіміңізсіз атыңызға несие рәсімделетін болса, ол несиені банк сотсыз-ақ өзі жабуға тиіс болады. Сондықтан азаматтарға айтарым: жылап, өзіңізді кінәлай бермей, бірден арыз жазып, несиені тоқтату керек», – деп түйіндеді Мұрат Әбенов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары